Педагогикалық идеялар панорамасы

   2024 жылдың  6 маусымында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы  білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының  қорытынды кезеңін өткізді.  

   Байқауға сараптамадан өткен 4 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 6 педагог (педагогтер, психологтер, тәрбиешілер) және  28 мектептің 34 педагогі жаратылыстану-математикалық (математика, физика, информатика, биология, химия, география) және қолданбалы цикл (көркем еңбек, технология, музыка, қолданбалы өнер) бағытындағы пәндер бойынша қатысты.

  Қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: 

   І орын – 4;

  ІІ орын – 6;

  ІІІ орын – 10;

  Грамота – 7.

Жеңімпаздар бен жүлдегерлерді құттықтаймыз!