«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қорытындысы

2024 жылдың 20-21 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтық форматында өтті.

Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.

Форумға 180-ге жуық оқушы қатысты, олардың қатарында  елордалық 9 оқушы бар. Екі астаналық оқушымыз жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Олар:

           «Мен мамандықты … таңдаймын» (орыс тілінде) номинациясы бойынша:

I орын –– Шакманова Ардақ – Қаныш Сатпаев атындағы BINOM school мектеп-лицейі;

«Мен мамандықты …таңдаймын» (ағылшын тілінде) номинациясы бойынша:  

I орын –– Даутбекова Мария – «Skillset schools» цифрлық технологиялық мектебі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!