4-маусым рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

             Елдің елдігін, мемлекеттілігін айқындайтын басты құндылықтар ол – елдің шекарасы, астанасы және мемлекеттік рәміздері. Сіздерді 4-маусым рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер – Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы» Конститутциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4-маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеу- парызымыз деп білуі керек. Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын! Мереке құтты болсын!