«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Шекарасыз өмір» республикалық фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады

Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Шекарасыз өмір» республикалық фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады:
«Сәндік-қолданбалы өнер» категориясы:
I орын – Жаңабай Жасұлан – №65 МГ;
«Компьютерді дамыту, робототехника» категориясы:
I орын– Зеленая Раиса – №44 ОМ;
«Вокалдық орындау» категориясы:
II орын – Саиткамал Алдияр – №84 МЛ;
«Техникалық өнертабыс» категориясы:
IІ орын – Адильбеков Алинур – №85 МЛ.
Балаларға дипломдар, ал ата-аналарға алғыс хаттар табыс етілді. Баланың шынайы қуанышы мен ата-ананың баласы үшін марқайған сәтін көру – бір ғанибет, өйткені бұл жеңіс – олардың бірлескен еңбегінің жемісі!
Ата-аналар өздерінің сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, қиындықтарға мойымаған ерік-жігерімен баласының шығармашылық қабілеттерін дамытып, мүмкіндіктеріне жол ашты!
«Астана дарыны» орталығы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді тағы бір мәрте құттықтайды!
Жеңістер мен қуаныштар көп болып, білім жолы жаңа жетістіктерге жетелесін!