2024 жылдың 26-31 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Аль-Хорезми атындағы халықаралық математикадан олимпиада өтті. Халықаралық олимпиадада Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан мемлекеттерінен 100-ге жуық қатысушы бақтарын сынады. Халықаралық додада Астана қаласының намысын 2 оқушы қорғап, жеңімпаз бен жүлдегер атанды:
Алтын медаль- Ағыбаев Ануар (БИЛ ұл);
Күміс медаль-Олейников Александр (БИЛ ұл).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!