2023-2024 оқу жылы өткізілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада қорытындысы бойынша мектептердің ресми рейтингі

2023-2024 оқу жылы өткізілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада қорытындысы бойынша мектептердің ресми рейтингісі жарияланды.
Қазақстан Республикасының 100 үздік мектебі қатарында Астана қаласының 9 білім-беру ұйымы бар:
Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты;
«NURORDA» мектеп-лицейі;
№ 46 мектеп-гимназиясы;
№ 1 мектеп-лицейі;
Spectrum International School;
Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты;
№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі;
«Мирас» халықаралық мектебі;
№ 78 мектеп-гимназиясы.
Мектеп ұжымдарына шығармашылық табыс, еңбектеріне жеміс тілейміз! Астана қаласының білім беру ұйымдарын еліміздің тізгінін ұстап, ұлт болашағына ұйытқы болар дарындылар қатарын көбейтуге бірлесіп үлес қосуға шақырамыз.