Қалалық «JasSkills Astana 2024» кәсіби шеберлік чемпионаты «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі

Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні жалпы білім беру мектептерінің 8-10 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2024» қалалық чемпионатының «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша сайыс өтті.
Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық» колледжінде өткен чемпионатқа «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша 6 елордалық оқушы қатысты:
«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі: Давыденко Ярослав -№22 мг; Сақтан Алихан – Эконом. лицей; Смагулов Абылай – №9 «Зерде» мл; Макимов Санжар- №58 мг; Жанайдар Дархан – Ахмет Байтұрсынов ат. Binom School мл; Мақсұмхан Алихан – Әлихан Бөкейхан ат. Binom School мл.
Қалалық «JasSkills Astana 2024» кәсіби шеберлік чемпионаты «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі қорытындысы 29 мамыр күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.