Қалалық «JasSkills Astana 2024» кәсіби шеберлік чемпионаты «Графикалық дизайн»,«Веб-дизайн және әзірлеу», «Кәсіпкерлік» және  «Сән технологиясы»  құзыреттіліктері

Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні жалпы білім беру мектептерінің 8-10 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2024» қалалық чемпионатының  «Графикалық дизайн», «Веб-дизайн және әзірлеу», «Кәсіпкерлік» және  «Сән технологиясы»  құзыреттіліктерібойынша сайыс өтті.

Астана қаласы әкімдігінің  «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінде өткен чемпионатқа «Графикалық дизайн» және «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттіліктері бойынша 12 елордалық оқушы қатысты:

«Графикалық дизайн» құзыреттілігі: Әжкен Гүлназ – №4 мектеп-гимназиясы, Абай Жансая- №66мектеп-лицейі, Тогобицкий Иван – «Флагман» физико-техникалық лицейі, Бронникова Алёна – №19 орта мектебі, Сақтапберген Мағжан – №57 орта мектебі, Пәтте Ілияс – №65 мектеп-гимназиясы.

          «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша 6 оқушы: Жылгелді Болат – Қадыр Мырза Әлі ат. Binom School мектеп-лицейі, Шабаев Дамир – №37 мектеп-лицейі, Сиязбек Ерден – Әлихан Бөкейхан ат. Binom School мектеп-лицейі, Отузов Керим – Қаныш Сәтбаев ат. Binom School мектеп-лицейі, Турекен Нұрболат – №11 мектеп-лицейі, Марат Жанетта – №40 мектеп-лицейі.

Ә.Бөкейхан атындағы Binom School мектеп-лицейінде «Кәсіпкерлік» және  «Сән технологиясы»  құзыреттіліктері бойынша сайысқа 9 оқушы қатысты.

«Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша 3 команда: Зулхарнаева Жибек, Талғатқызы Хадиджа – Қаныш Сәтбаев ат. Binom School мектеп-лицейі; Адайұлы Азамат, Нұрлан Ибрахим – №8 мектеп-лицейі; Оразбай Таир, Амангелді Дінасыл – №1 мектеп-лицейі.

«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша 3 оқушы: Жумашева Амина – №69 мг; Сейдахмет Нұрай – №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі; Төлеген Айман – №8 мектеп-лийеці.

Қалалық «JasSkills Astana 2024» кәсіби шеберлік чемпионаты «Графикалық дизайн», «Веб-дизайн және әзірлеу», «Кәсіпкерлік» және  «Сән технологиясы»  құзыреттіліктерінің  қорытындысы 29 мамыр күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.