Қалалық «JasSkills Astana 2024» кәсіби шеберлік чемпионаты«Мобильді робототехника» және «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттіліктері

Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні жалпы білім беру мектептерінің 8-10 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2024» қалалық чемпионатының «Мобильді робототехника» және «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттіліктері  бойынша сайыс өтті.

Астана қаласы әкімдігінің Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында өткен чемпионатқа «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша 6 командадан тұратын 12 елордалық оқушы қатысты:

Экономикалық лицейі – Ержуманов Арсен, Касымханов Карим; 2.А.Байтұрсынов атындағы Binom school мектеп-лицейі – Аманқұл Саян, Сапаргелді Ғизат; 3.№8 мектеп-лицейі – Әліш Шерхан, Бахабекұлы Жалғасбек;                 4.№67 мектеп-гимназиясы -Рахманов Нұрымжан,Сулейменова Балнур;                         5.№68 мектеп-гимназиясы – Тулеген Әділет,Утубаев Алдияр; 6.№9 «Зерде» мамандандырылған мектеп лицейі – Божанов Алдияр, Биржанов Адильжан.

          «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша 6 оқушы қатысты: №9 «Зерде» мамандандырылған мектеп лицейі – Бақытжанұлы Әділет,                          №92 мектеп-лицейі – Ермекбай Дамир, №1 мектеп-лицейі – Ержұман Аружан, №30 мектеп-гимназиясы – Ондасын Гүлбану, №76 мектеп-лицейі – Болат Казыбек , №67 мектеп-гимназиясы – Тұрсынбаев Мұқағали.

Қалалық «JasSkills Astana 2024» кәсіби шеберлік чемпионаты «Мобильді робототехника» және «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттіліктерінің  қорытындысы 28 сәуір күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.