«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығымен бірлесіп 2024 жылдың 18 мамыр күні Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша білім алушылар арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық олимпиадасының республикалық кезеңін (әрі қарай – Олимпиада) өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: білім алушылардың жалпы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, қазақ әдебиеті, тарих, математика) бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу, дарынды балалардың ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.
Өтетін орны: «Думан» қонақ үйі (Қорғалжын тас жолы, 2 А).
Тіркелу уақыты: сағ. 08:00-08:45 дейін.
Басталу уақыты: 09:00.
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2024/05/WhatsApp-Image-2024-05-22-at-10.40.35-1-1024x1024.jpeg)