7-8 сынып оқушыларына арналған география пәнінен Ұлттық олимпиадасы республикалық кезеңінің қорытындысы

2024 жылы 17 мамырда Астана қаласында «Шеврон» компаниясының қолдауымен «EcoForming» экология және білім қоры, National Geographic Qazaqstan журналымен бірлесе ұйымдастырған 7-8 сынып оқушыларына арналған география пәнінен Ұлттық олимпиадасы республикалық кезеңінің марапаттау рәсімі өтті.
Бұл ауқымды білім додасына Қазақстанның 18 өңірінен олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 46 оқушы қатысты.
«Шеврон» – дүниежүзіндегі интеграцияланған жетекші энергетикалық компаниялардың бірі.
Компания осымен екінші жыл қатарынан мектеп оқушылары арасындағы география олимпиадасының серіктесі болып отыр. Компания үшін бұл – Қазақстан жастарының ғылыми әлеуетін дамыту және білім беру сапасын көтеру ісіне өз үлесін қосудың мүмкіндігі.
Олимпиадаға қатысушылар өздерінің білімі мен білігін барынша пайдалана білу мүмкіндігі мен дағдыларын көрсетті. Олимпиадада терең білім мен тыңғылықты дайындықты талап ететін географиялық және әлеуметтік маңызы бар тақырыптар, сонымен қатар физикалық және қоғамдық географияға қатысты тапсырмалар болды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы 1 күміс және 2 қола медальға ие болды: күміс медаль – Марқабаев Бауыржан («Зерде» №9 ОМ); қола медаль – Есмұрат Есмарат (№63 МГ), Қаиргелді Әмір (№5 Г).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және жыл сайынғы Олимпиаданың демеушісі «Шеврон» компаниясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«Астана дарыны» орталығы «Шеврон» компаниясына география пәнінен 7-8 сынып оқушыларына арналған Ұлттық олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз, алда жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!💐💐💐