Kazakhstan Speaks English 5-6 сыныптарға арналған ағылшын тілі  олимпиадасы  қалалық кезеңінің қорытындысы

2024 жылдың 4 мамыр күні № 84 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы  Астана қаласы білім беру орталықтарының қауымдастығымен бірлесіп  Kazakhstan Speaks English 5-6 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі  олимпиадасының  қалалық кезеңін өткізді.

Мақсаты – мектеп оқушыларын ағылшын тілін үйренуге ынталандыру, шығармашылық ойлауын дамыту және ағылшын тілін меңгеру бойынша халықаралық рейтингтерде Қазақстанды таныту.

Олимпиадаға аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған 42 оқушы қатысты (25 оқушы 5 – сыныптан, 17 оқушы 6 -сыныптан).

Олимпиаданың бірінші бөлімінде оқушылар диктант жазса, екінші бөлімінде сөйлеу дағдылары бойынша тапсырмалар орындады.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:

5 – сыныптар арасынан:

 I орын – 1 (№ 84 МЛ);

II орын – 1 (Ы. Алтынсарин ат. Binom School МЛ);

III орын – 1 (А. Байтұрсынұлы ат. Binom School МЛ);

 грамота – 4 (№№ 5 Г, 8 МЛ, Garden School, Tamos Space School).

6- сыныптар арасынан:

I орын – 1 (Garden School);

II орын – 1 (№ 75 МГ);

III орын – 1 (Қ. Сәтпаев ат. Binom School МЛ);

грамота – 4 (Nurorda МЛ, №№ 75, 38 МЛ, 59 МЛ).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Астана дарыны» орталығы мен Қауымдастықтың І,  ІІ,  ІІІ дәрежелі дипломдары мен демеушілер дайындаған бағалы сыйлықтары табысталды:

I орын – Кубок, Астана қаласы «Ход конем» шахмат мектебіне (оқу мерзімі – 6 ай),  «IQ 007» жылдам оқу және ақыл-парасатты дамыту мектебіне (2 ай) сертификаттар, «Satti School» және «Topjargan» білім беру орталықтарынан Samsung планшеті, Шотландиядан Роберт Симнің кітабы;

II орын – «Satti School» және «Topjargan» білім беру орталықтарынан Алиса смарт-колонкасы,  Астана қаласы «Ход конем» шахмат (3 ай) және  «IQ 007» жылдам оқу және ақыл-парасатты дамыту (2 ай) мектептеріне сертификаттар, Шотландиядан Роберт Симнің кітабы;

III орын –  «Satti School» және «Topjargan» білім беру орталықтарынан үлкен сымсыз құлаққап, Астана қаласы «Ход конем» шахмат мектебіне (1 ай) сертификат, Шотландиядан Роберт Симнің кітабы.

Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

          Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!