Жалпы білім беретін пəндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы білім беретін пəндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңін 2024 жылдың 3 мамыр күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша №50 мектеп-лицейі (Күйші Дина 6), №75 мектеп-гимназия (Мәңгілік Ел даңғылы, 28/1), Ә.Бөкейхан атындағы Binom School (Ш.Чокин көшесі 5)базасында, 2024 жылдың 4 мамыр күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша №80 мектеп-гимназия (Ш.Қосшығұлұлы көшесі 17/2), №75 мектеп-гимназия (Мәңгілік Ел даңғылы, 28/1) базасында өткізетінін хабарлайды.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!