Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы, «Robotek» робототехника мектебінің ұйымдастырумен «Robotek Grand Tournament 2024» робототехникадан оқушылар арасындағы халықаралық чемпионат (бұдан әрі – Чемпионат) басталды.
Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының базасында өтіп жатқан чемпионатта еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы Шымкент қалаларыннан ең мықты 127 команда және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің 18 қатысушысы бақ сынауда.
Чемпионат ең танымал 7 санат бойынша өтіп жатыр. Үшінші рет ұйымдастырылып отырған чемпионатқа тәжірибелі төрешілер командасы қазылық етіп, екі күн бойы жас инженерлердің берілген әрекеттерді орындауға қабілетті роботты құрастыру бойынша жарысын бағалайды.
Бүгін, жарыстың 1-күні мерген (кіші санат), инверстік сызық бойымен жарыс, жеткізуші робот, сұрыптаушы робот санаттары бойынша 74 команда (145 оқушы ) сайысқа түсті.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша «Жеткізуші робот» және «Сұрыптаушы робот» санаттары бойынша Астана қаласының командасы I орынға шығып, алтын медаль иеленді:
«Жеткізуші робот» санаты бойынша команда мүшелері Листопадний Глеб (Талант мектебі), Петров Иван (STEAM school), жаттықтырушы: Айтжанов Олжас Еслямбекович;
«Сұрыптаушы робот» санатында команда мүшелері – Сафонов Валерий, Ержанов Владислав (№22 мектеп-гимназиясы), жаттықтырушы: Смайлов Руслан Алтаевич.
Жарыс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі диплом, медальдармен және чемпионат демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!