2024 жылы сәуір айының 26 – 30 аралығында Өскемен қаласында 10-11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндерінен республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға елордалық 7 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша құқық негіздері пәнінен №78 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Маратұлы Абзал алтын медальға ие болды. Қазақстан тарихы пәні бойынша Экономикалық лицейдің 11-сынып оқушысы Бектурганов Арыстан грамотаға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!