Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында Қазақстан тарихы және құқық негіздері бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтіп жатыр
2024 жылғы 27 сәуір күні Өсемен қаласында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталған болатын.
Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері бойынша өтіп жатқан білім бәскесінде елордалық 8 оқушы бақ сынауда. Олар:
- Сайлаугалиев Нуралы, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы;
- Аманжолов Әліби, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 – сынып оқушысы;
- Байманов Шыңғыс, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11- сынып оқушысы;
- Исмаилбек Нұрел, №17 мектеп-гимназиясының, 11- сынып оқушысы;
- Бектурганов Арыстан, Экономикалық лицейнің 11-сынып оқушысы;
- Ким София, Экономикалық лицейінің 10-сынып оқушысы;
- Жұман Айя , №75 мектеп-гимназиясының 10 – сынып оқушысы;
- Маратұлы Абзал, №78 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.
Олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілейміз!