2024 жылдың 23 сәуірінде № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы орта білім беру ұйымдары директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарларына арналған «Ғылымға жол: жас өнертапқыштардың зерттеулері мен жобалары» семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, ғылыми-әдістемелік бағыттағы жұмыстарды жандандыру.
Іс-шараға елордалық білім беру ұйымдарының 40- тан астам педагогі қатысты.
Алғы сөз «Астана дарыны» орталығы директорының орынбасары Г.М. Буралкиеваға берілді.
Семинар барысында спикерлер, атап айтқанда, «International Centre of Scientific Collaboration» жеке мекемесінің президенті Кусаинова Лаззат Абаевна, «Шаг» компьютерлік академиясының дизайн және бағдарламалау бойынша аға оқытушысы Цой Лилия, Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің директоры Туленов Бауржан Алтаевич, № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің директоры Бейсенбина Айгуль Базарбаевна, «Экономикалық лицей» ЖШС директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Тауекелова Айгуль Абтисаматовна, Қ. Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары Нургалиева Алмагуль Жаиковна оқушылардың ғылыми жобалары мен зерттеулерін ұйымдастырудағы жұмыстың тиімді әдістерін ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың соңында «Астана дарыны» орталығы педагогикалық шеберлік және ұйымаралық жобалар бөлімінің басшысы Садвакасова Алма Досжановна «Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті» оқушылардың ғылыми қоғамы қалалық конкурсын өткізудің маңыздылығына қысқаша тоқталып өтті.
Семинарға педагогтер белсене қатысып, спикерлер мен қатысушылар арасында қызу пікірталас өтті.