2024 жылдың 19 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясымен бірлесе отырып ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы, Қазақ КСР Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедхановқа арналған астаналық жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары арасында қалалық «Қайым оқулары» (бұдан әрі – Оқулар) өткізді.Байқаудың мақсаты – мектеп оқушыларын ғалымның тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру, шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Оқулар мемлекеттік тілде өтті.
Елорданың 8 – 10 сынып оқушылары арасында бірінші рет ұйымдастырылып отырған оқуларға қатысқан 85 оқушы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
- «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» – шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша:
I орын -1;
II орын -2;
III орын -4 ;
Грамота -3.
- «Қауырсын қалам» – жас ақындар байқауы» – шығармаларын жатқа оқу
номинациясы:
I орын -1;
II орын -2;
III орын -5;
Грамота -4.
- «Қайраткер Қайым болмысы» эссе жазу байқауы» – шығармаларын жатқа оқу:
II орын -4;
III орын -3;
Грамота -9.
- «Абайдың інісі, Алаштың ірісі» Қайым Мұхамедхановтың шығармалары бойынша буктрейлерлер жасау:
I орын -1;
II орын -2;
III орын -5;
Грамота -4.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!