«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 6 сәуір күні педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қазақ тілі пәні бойынша мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі» тақырыбында бастауыш және қазақ тілі мамандарына арнап ұйымдастырылған 80 сағаттық курс өз мәресіне жетті.
Курс соңында тыңдаушылар кәсіби біліктілік дәрежесін анықтайтын қорытынды сынақ тапсырды. Сынақтан өткен мұғалімдерге сертификат табысталады.