«Астана дарыны» орталығының 2024 жылы ақпан айында атқарған іс-шаралары туралы ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

          2024 жылдың ақпан айында «Астана дарыны» орталығы 12 іс-шара өткізді, оның ішінде 2 республикалық 3 қалалық және 7 аудандық.. Аталған іс-шараларға Астана қаласы білім беру мекемелерінен 5851 оқушы қатысып, 1811 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 205;

II орын – 578;

III орын – 1461;

Грамота – 1028.

Интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі

     Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1.5-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада II (ауд.кезең)7703485153272
2.Жалпы білім беретін пәндер бойынша 6 – сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада II (аудандық) кезең76435125219379
3.Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7- сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада II (аудандық) кезең112548128233409
4.Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8- сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада II (аудандық) кезең112654146279479
5.Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVII республикалық математикалық турнирі (қалалық кезең)28811345297
 Барлығы:8 Іс-шаралар – 5 және 3 іріктеу кезеңі4073+1269 іріктеу кезеңі = 53421825189361636
  1. 2024 жылдың 01 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 – сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 770 оқушы  қатысып, 272 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-34, ІІ орын-85, ІІІ орын-153.
  2. 2024 жылдың 01-02 ақпан күндері бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVII республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңіне іріктеу өтті. Турнирге 429 оқушы қатысып, қалалық кезеңге 288 оқушы өтті.
  3. 2024 жылдың 02 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 6 -сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 764 оқушы қатысып, 379 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-35, ІІ орын-125, ІІІ орын-219.
  4. 2024 жылдың 07 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 7 – сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 1125 оқушы қатысып, 409 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-48, ІІ орын-128, ІІІ орын-233.
  5. 2024 жылдың 08 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 8 – сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 1126 оқушы қатысып, 479 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын-54, ІІ орын-146, ІІІ орын-279.
  6. 2024 жылдың 13 ақпан күні қыз балаларға арналған Еуропалық халықаралық математикалық олимпиадасы (EGMO) іріктеу кезеңінің I туры дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» лицей – интернатының базасында өтті. Астана қаласы білім беру мекемелерінен 5 оқушы қатысты.
  7. 2024 жылдың 23 ақпан күні жекеменшік балабақша тәрбиеленушілеріне арналған қалалық «Елорданың еркетайы» байқауының іріктеу кезеңіөтті. Іріктеу кезеңіне 835 тәрбиеленуші қатысып, қалалық кезеңге 4 номинация бойынша 517 тәрбиеленуші өтті.
  8. 2024 жылдың 24 ақпан күні бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVII республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі өтті. Қалалық кезеңге 288 оқушы қатысып, 97 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын-11, ІІ орын-34, ІІІ орын-52.

Дарынды оқушылардың жоба жұмыстары мен конкурстарын ұйымдастыру бөлімі

     Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1.Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларының республикалық ғылыми жобалар конкурсы646151233
2.«Сөз – ғажайып әлем»  қалалық байқауы273133770120
 Барлығы: Іс -шаралар – 2  337195282153

          1)   2024 жылдың 26 ақпан -1 наурыз аралығында Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Астана қаласынан 47 жобамен 64 оқушы қатысып, 6 алтын, 15 күміс, 12 қола медаль және 5 грамотаиеленді. Жеңімпаздар саны – 33.

       2) 2024 жылы  24 ақпанда  №82 «Дарын» мамандандырылған лицейініңбазасында «Сөз – ғажайып әлем»  қалалық байқауы өтті.

         Білім беру мекемелерінің 2-4 сынып оқушылары арасында өткен байқауға  273 үміткер қатысып, «Мықты болсаң, тауып көр», «Сөз мәйегі …», «Ұшқыр ой» номинациялары бойынша бақтарын сынады. Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар саны – 120.

Ғылыми – техникалық және көркем – эстетикалық  шығармашылықты дамыту  бөлімі

     Іс – шараларҚатысушылар саныЖүлделі орындар
ІІІІІІБарлығы
1.«Ұлы Дала қоңырауы» 8 – 11 сынып оқушылары арасындағы қалалық  байқау11425714
2.«ӘЛИХАН және АЛАШ» қалалық зияткерлік үстел ойыны582338
Барлығы:  Іс-шаралар –  2  172481022
  1.   2024 жылдың 2 ақпан күні мектеп оқушылары арасында Ы.Алтынсарин

шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру,  әдеби тіл байлығы мен көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ағартушы еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту мақсатында Орталық Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып  8-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Ұлы Дала қоңырауы» байқауын өткізді.

 Конкурсқа  62 білім беру мекемелерінен  114 оқушы қатысты.

      Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей  жетістіктерге қол жеткізді: I орын- 2, II орын-5 ; III орын-7; грамота – 6.

  •   2024 жылдың   29  ақпан күні Әлихан Бөкейхан мен Алаш

қайраткерлерінің өмір жолына қызығушылықтарын ояту, шығармаларын насихаттау, оқушылардың әдебиеттік шығармаларға құштарлығын арттыру мақсатында Орталық Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейімен бірлесе отырып «ӘЛИХАН және АЛАШ» қалалық зияткерлік үстел ойынын өткізді. 

   Байқауға  55 білім беру мекемелерінен 58 оқушы қатысты.

            Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей нәтижелер  көрсетті: бас жүлде – 1, I орын- 1, II орын-3; III орын-3; грамота – 4.

                         Педагогикалық шеберлік бөлімі

             2024 жылдың 10 ақпан – 16 наурыз аралығында № 52 мектеп-гимназиясында педагогика ғылымдарының докторы, профессор                                   Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қазақ тілі пәні бойынша мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі» тақырыбында                           80 сағаттық ақылы курсы өтті. Курсты технология тренері А.Қ. Қазыбай жүргізді.

Курстың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеттік оқыту сабақтарында «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының стратегиялары мен инновациялық амалдарын пайдалану арқылы мамандардың кәсіби біліктілігін көтере отырып, білім сапасын арттыру.

Курс аяқталғаннан кейін «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша қатысушылар оқу нәтижелерін көрсету мақсатында сынақтан өтеді (мұғалімдер олимпиадасы).

2024 жылдың 13-20 ақпан аралығында «Астана дарыны» орталығы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтерге арналған «Идеялар марафоны» аймақтық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – қосымша білім беру педагогтерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға, заманауи педагогикалық тәжірибені жалпылау мен насихаттауға ықпал ету.

Іс-шараға қатысу үшін елорданың және Көкшетау қаласының 51 педагогі тіркеліп, оның 48-і байқауға қатысты.

        2024 жылдың 22-23 ақпан аралығында Астана қаласы Кәсіптік-техникалық колледжінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып математикадан бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасын өткізді.

Мақсаты – педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту.

Іс-шараға олимпиаданың қалалық кезеңінен өткен елордалық 8 педагог қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша елордалық қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: I орын – 1, II – 5,  III – 1, грамота – 1.

Педагогтер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен, грамотасымен марапатталды.

Командалық есеп бойынша Астана қаласының қатысушылары I орынды иеленді.

2024 жылдың 23 ақпанында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Мақсаты: мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және озық инновациялық тәжірибелерін таратуға ықпал ету.

Қалалық кезеңге іріктеуден өткен 59 педагог қатысты (15-21 ақпан аралығында сараптама кезеңі барысында 72 жұмыс қаралып, оның 69-ы сараптамадан өтті).

Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар келесі бағыттар бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті:

қазақ тілі мен әдебиеттік оқу қазақ мектептерінде диплом: І – 2, ІІ – 2, ІІІ – 3, грамота – 4;

қазақ тілі мен әдебиеттік оқу орыс мектептерінде диплом: ІІ – 1, ІІІ – 1, грамота –  2;

– орыс тілі мен әдебиеттік оқу қазақ мектептерінде диплом: І – 2, ІІ – 2;

орыс тілі мен әдебиеттік оқу орыс мектептерінде диплом: ІІ – 2, ІІІ -3;

ағылшын тілі диплом: І – 1, ІІ – 2, ІІІ – 1, грамота – 1;

дүниетану, жаратылыстану диплом: І – 1, ІІ – 2, ІІІ – 3, грамота –  4;

математика диплом: І – 1, ІІ – 1, ІІІ – 1, грамота – 2.

Жеңімпаздар мен  жүлдегерлер «Астана дарыны» орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды.

2024 жылдың 23 ақпанында № 9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің базасында математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты: педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға елордалық 65 білім беру мекемесінен 84 математика мұғалімі қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:

І орын – 6, ІІ – 8, III  – 12, грамота – 11.

Жеңімпаздар мен  жүлдегерлер «Астана дарыны» орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.

2024 жылдың 24 ақпанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Digital Education Technologies» ЖШС-мен бірлесіп, информатика пәні мұғалімдеріне арналған «ПедОлимп» қалалық қашықтық олимпиадасын өткізді.

Мақсаты: елордалық білім беру ұйымдары информатика пәні  мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту.

Олимпиадаға білім беру ұйымдарының 255 мұғалімі қатысты, олар Codeforces.com платформасында есептерді шешті.

Олимпиада онлайн форматында өтті.