2024 жылдың 13-15 наурызы аралығында математикадан Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» олимпиадалары Алматы қаласында өтті.
Халықаралық олимпиадаларға Астана қаласының 4 мектебінен (БИЛ ер, «NURORDA», БИЛ қыз, №9 «Зерде» мМ) 23 оқушы (9-11 сынып) қатысты.
Азия-Тынық мұхиты олимпиадасында елордалық оқушылардың қоржыны
8 күміс және 7 қола медальмен, ал «Жібек жолы» олимпиадасында 3 күміс, 5 қола медальмен толықты. Құттықтаймыз!