«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес әртүрлі ұлттық, қимылды ойындарға қызығушылыққа баулу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық кезеңін
12 наурыз күні орталық базасында өткізді.
Бейнематериалдар бойынша байқаудың қалалық кезеңіне қатысуға мектепке дейінгі ұйымдардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ортаңғы топ, ересек топ, мектепалды даярлық аралығындағы топтардан «Ханталапай» ұлттық ойынына барлығы 14 балабақшадан (119 тәрбиеленуші) өтінім тіркелді.
Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі, мектепке дейінгі бөлімнің арнайы пәндер оқытушыларынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың видеоматериалдары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:
мектепалды даярлық топ бойынша –
І орын – «Alpamys school” б/б
ІІ орын – №84 «Кәусәр» б/б
ІІІ орын – 2 (№29 «Ақ қайың» б/б «Қызғалдақ» тобы, №32 «Балдәурен» б/б)
Грамота – 4 (№29 «Ақ қайың» б/б «Күншуақ» тобы, №67 «Шұғыла» б/б, №92 «Жауқазын» б/б, NaNu ЖШС Ақ ниет – 1 б/б);
ересек топ бойынша –
І орын – №65 «Бал бала» б/б
ІІ орын – №11 «Гауһар» б/б
ІІІ орын – №5 «Ақ бота» б/б;
ортаңғы топ бойынша –
І орын – №5 «Ақ бота» б/б
ІІ орын – №31 «Ақсұңқар» б/б.
Байқаудың қалалық кезеңінің нәтижесінде «Ханталапай» ұлттық ойындар байқауында жеңімпаз атанған «Alpamys school”, №5 «Ақ бота» балабақшаларының топтары республикалық кезеңге қатысады.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды Jetistik.kz сайтынан қатысушының ЖСН арқылы жүктеп алады, QR код құжатты растайды.