Интеллектуалдық олимпиадалар және конкурстар
2023 жылдың қараша айында 19 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 2 халықаралық, 6 республикалық, 7 қалалық, 2 аудандық, 2 іріктеу кезеңдері өтті. Аталған іс –шараларға Астана қаласынан 2612 оқушысы қатысып, 831 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:
I орын – 129;
II орын – 300;
III орын – 402.
2023 жылдың 30.10-02.11 күндері аралығы Жезқазған қаласында Қ. Сәтбаев атындағы 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша олимпиадасының іріктеу кезеңі өтті. Олимпиадаға республиканың барлық өңірінен келген 75 оқушы-республикалық жасөспірмдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Астана қаласы оқушыларының командасы 9-сынып арасында 3 оқушыдан құрылды. Команда жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Үздік команда» Канада елшілігі мәлімдеген кубогын алды. Жас химиктер командасы 3 жүлделі орынға ие болды. Алтын медаль Асқарбек Біржан («NURORDA» МЛ), Алтын медаль Елизавета Гранковская (№27 МЛ), Күміс медаль Балтекен Арман (БИЛ ер) I орын-2, II орын- 1.
2023 жылдың 1 қараша күні Астана қаласындағы Назарбаев университетінің базасында Республикалық балалар оқулары өтті. Республикалық байқауға 3 қатысушы қатысты. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша елордадағы №64 МЛ 10 сынып оқушысы Адрейсова Жаннұр жүлделі II орынды иеленсе, №66 МЛ 8 сынып оқушысы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. II орын- 1
2023 жылдың 1-2 қараша күндері Астана қаласындағы Riviera International School by Quantum мектебінің базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған «STEM Олимпиада-білім берудегі Инновация» олимпиадасының халықаралық кезеңіне 30 команда қатысты. Олимпиадаға Астана қаласынан 33 қатысушы қатысты. Елордалық командалардың арасынан Қ. Сәтбаев атындағы Binom school мектеп – лицейінің оқушылары Рзаханов Тамирлан, Қожабек Аян – II орын иеленді. II орын-2.
2023 жылы 2-3 қараша аралығында Алматы қаласында Республикалық Төлеген Айбергенов оқулары өтті. Елордалық 5 оқушы қатысып, 5 номинация бойынша бақтарын сынады. Республикалық оқулардың қорытындысы бойынша 4 жүлдегерлер анықталды: II орын -1, III орын-3.
2023 жылдың 3-4 қараша аралығында Қарағанды қаласында Roboland VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті. Фестивальға Астана қаласынан 20 оқушы қатысты. Кегельринг-квадро X2 санатында Milestone мектебінің командасы: 4 – сынып оқушылары Шалабаев Тимур, Қайратұлы Дарын I орынды және RoboLand Kazakhstan санатында Alpamys мектебінің командасы Назиденов Серік, Надирбеков Әзілхан III орынды иеленді. I орын -2, III орын-2.
2023 жылдың 4 қараша күні онлайн форматта Информатикадан Еуразиялық олимпиадасының (іріктеу кезеңі) өтті. Іріктеу кезеннің қорытындысы бойынша 14 оқушы 11-12 желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін келесі кезеңге жолдама алды.
2023 жылдың 5-8 қараша аралығында Ақтөбе қаласында өткен оқушылардың «Ғалам сенің қолында» II Республикалық астрономиялық олимпиадаға №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінен 4 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 4 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: I орын -2, II орын -1, III орын-1.
2023 жылдың 10 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-10 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының І аудандық кезеңін №6 гимназия базасында өткізді. Олимпиадаға жалпы білім беру мекемелерінен 120 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 58 оқушы ІІ қалалық кезенге жолдама алды.
2023 жылдың 15 қараша күні мектепке дейінгі ұйымдар арасында мектеп жасына дейінгі барлық этностағы балаларға арналған отбасылардың қатысуымен «Шаңырақ» республикалық бейнероликтер байқауының қалалық кезеңі өтті. «Шаңырақ» байқауына 17 балабақшадан 22 бүлдіршін қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша: І орын – 1, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 7, Грамота – 3.
2023 жылдың 17 қараша күні Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өтті. «Елорданың еркетайы» қалалық байқауына өткен 40 мектепке дейінгі білім беру ұйымының 54 өнер шығармасымен 5-6 жас арасындағы 381 тәрбиеленушісі Ережеге сәйкес «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша сахнада сайысқа түсті. Қалалық өнер байқауының 4 номинациясында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны – 40: І орын – 12; ІІ орын -12; ІІІ орын – 16; Грамота – 14.
2023 жылдың 23 қараша күні «Астана дарыны» орталығы №52 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, «Бейімбетті білмек парыз» қалалық Бейімбет Майлин оқуларын өткізді. Конкурсқа 177 оқушы қатысып, 43 жеңімпаздар бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 4, ІІ орын -15, ІІІ орын – 24, Грамота – 22.
2023 жылдың 29 қараша күні «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауының іріктеу туры бойынша «Астана дарыны» орталығында қазылар алқысының жұмысы ұйымдастырылды. Қазылар алқасының отырысында Астана қаласы әкімдігінің №1, №2, №3 арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балалар арасынан вокал, хореография, мәнерлеп оқу номинациялары бойынша Ережеге сәйкес жас ерекшелігіне қарай 40 өнер шығармасының (81 өнерпаз) бейнематериалы қаралды. Барлығы 20 өнер шығармасы (қатысушы саны – 49) қазылар алқасының шешімімен қалалық байқауға жолдама алды.
2023 жылдың 21-24 қараша аралығында Е. Букетов атындағы Қарағанды университетінде 11(12)-сынып түлектеріне арналған XVI Президенттік олимпиада жаратылыстану-математика циклі (математика, физика, химия, биология пәндері бойынша) республикалық кезеңі өтті. Республикалық кезеңге Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 12 білім алушы қатысты. XVI Президенттік олимпиаданың жаратылыстану-математика циклі республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды: ІІ орын -1, ІІІ орын – 3.
2023 жылдың 24 қараша күні «Астана дарыны» орталығы №58 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Қазақ хандығы» турнирін ұйымдастырды. Турнирге жалпы 37 ойыншы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз анықталды. «Хан»- Асатулла Қайрат №56 МГ; «Сұлтан»-Темірбеков Бақдәулет №52 МГ; «Сұлтан» – Өтеген Әлімхан Қ. Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL МЛ. І орын-1; ІІ орын-2.
2023 жылдың 24 қараша күні «Астана дарыны» орталығы №80 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, қалалық Сәкен оқуларын өткізді. 8-11 сынып оқушылары арасында байқауға 153 оқушы қатысып, 6 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 1, ІІ орын -2, ІІІ орын – 3, Грамота – 4.
2023 жылдың 24-26 қараша күндері Ақтау қаласында «Ақберен» республикалық өнер байқауы өтті. Байқауға қатысқан 6 қатысушының 3-і жүлделі орындарға ие болды: ІІ орын -1, ІІІ орын – 2, грамота-1.
2023 жылдың 25 қараша күні республикалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурсқа 516 жоба мен 601 оқушы қатысты. 301 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 17, ІІ орын -102, ІІІ орын – 182, Грамота –82.
2023 жылдың 28 қараша күні «Астана дарыны» орталығы лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың II қалалық кезеңін №6 гимназия базасында өткізді. Олимпиадаға 45 жалпы білім беретін мекемелерінен 57 оқушы қатысты. Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 27 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 1, ІІ орын -8, ІІІ орын – 18, Грамота –3.
2023 жылдың 25 қараша күні 3-4 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының аудандық кезені бес аудан бойынша өтті. Мектепшілік кезеннің қорытындысы бойынша қатысқан 836 оқушыдан 340 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, қалалық кезеңге өтті: І орын – 77, ІІ орын -133, ІІІ орын – 130, Грамота –102.
Жоба мен «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімінің есебі
«Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 22 қараша күні №93 мектеп-лицейінде білім беру ұйымдарының 11-17 жастағы оқушылары арасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қалалық кезеңі өтті. Форумның қалалық кезеңінде 47 оқушы 4 номинация бойынша бақтарын сынап, 29 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды:I орын-9, II орын-9, III орын-11, Грамота –19.
2023 жылдың 23-25 қараша аралығында Халықаралық «EXPO» көрме орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 550- ге тарта қатысушы 30 құзыреттіліктен сынға түсті. Оқушылардың кәсіби бағдарын арттыру және оларды кәсіптік техникалық мамандықтарға қызықтыру мақсатында көрмеге 90 – ға жуық білім беру мекемелерінен 4500 8-10 сынып оқушылары қатысты. «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің мамандары көрмеге келген оқушыларға экскурсия ұйымдастырып, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.