«АСТАНА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

Интеллектуалдық олимпиадалар және конкурстар

2023 жылдың қазан айында 14 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 1 республикалық, 8 қалалық, 5 аудандық. Аталған іс – шараларға Астана қаласынан 2 148 оқушысы қатысып, 840 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 67;

II орын – 197;

III орын – 410.

іріктеу кезеңі-166

2023 жылдың 03 қазан күні өткен 11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың I өңірлік кезеңіне 67 білім беру мекемелерінен барлығы 76 оқушы қатысты. Президенттік олимпиаданың I өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша төрт пәннен (математика, физика, химия, биология пәндері) жоғары балл жинаған 20 оқушы келесі кезеңге өтті.

 2023 жылдың 7 қазанда №75 мектеп-лицейінің базасында ІІІ қалалық «Құтты білік» оқулары өтті. Білім беру мекемелерінің 5-7 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 194 үміткерқатысып, 4 номинация бойынша 90 жеңімпаз анықталды: І орын –18, ІІ орын – 30, ІІІ орын –42.

2023 жылдың 10 қазан күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар VII республикалық зияткерлік конкурсының іріктеу кезеңі өткізілді. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 161 оқушы қатысып, 84 қатысушы қалалық кезеңге жолдама алды.

2023 жылдың 12 қазан күні №52 мектеп-гимназиясының базасында Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өтті. «Балалар әлемі» жобасы аясында өткізілген шараға 16 оқушы қатысып, 8 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын –2, ІІ орын – 2, ІІІ орын –4.

2023 жылдың 13 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «National Geographic Qazaqstan» журналының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен І Ұлттық Олимпиадасы өткізілді. Ұлттық Олимпиаданың І аудандық кезеңіне жалпы 103 білім беру мекемелерінен 391 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 158 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды : І орын – 4, ІІ орын – 26, ІІІ орын – 128, грамота – 45.

2023 жылдың 14 қазанда №16 орта мектепте білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Т. Айбергенов оқуларының қалалық кезеңі өтті. Шараға 211 оқушы қатысып, бес номинация бойынша 89 жеңімпаз анықталды: І орын – 5, ІІ орын-34, ІІІ орын – 50.

2023 жылдың 16 қазанда №8 мектеп-лицейінің базасында республикалық жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңі өтті. Білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 84 оқушы қатысып, 4 номинация бойынша 45 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 4 , ІІ орын – 14, ІІІ орын – 27.

2023 жылдың 18 қазан күні №93  мектеп-лицейінде білім беру ұйымдарының 11-17 жастағы оқушылары арасында «Мамандықтар әлемін ашамыз»  республикалық форумының аудандық кезеңі өтті. Форумның аудандық кезеңінде 112 оқушы 4 номинация бойынша қатысып, 50 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды.

2023 жылдың 20 қазан күніжаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңіне олимпиаданың I өңірлік кезеңінде іріктелген 20 оқушы қатысты.Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңіне қатысқан 20 оқушының 12-сі қорытынды бойынша республикалық кезеңге жолдама алды.

2023 жылдың 21 қазан күні «Астана дарыны» орталығы «ZERDE LIDER» білім беру орталығымен бірлесе отырып  5-6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен қалалық «JAS ERUDIT» олимпиадасының аудандық кезеңін өткізді. Олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен 386 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 129 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 19, ІІ орын – 40, ІІІ орын – 70, Грамота – 49.

2023 жылдың 27 қазан күні «Астана дарыны» орталығы мен «National Geographic Qazaqstan» журналының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен І Ұлттық Олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Ұлттық Олимпиаданың қалалық кезеңіне білім беру мекемелерінен 149 оқушы қатысты. Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша 15 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды : І орын – 2, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 9.

2023 жылдың 28 қазан күні «Астана дарыны» орталығы «ZERDE LIDER» білім беру орталығымен бірлесе отырып5-6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен қалалық «JAS ERUDIT» олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға 123 қатысушы қатысып, 45 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 4, ІІ орын – 16, ІІІ орын – 25.

2023 жылдың 28 қазанда №38 мектеп-лицейінің базасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті. Білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 217 оқушы қатысып, 5 номинация бойынша 89 жеңімпаз анықталды: І орын – 5, ІІ орын- 29, ІІІ орын – 55.

2023 жылдың 29 қазан-1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Республикалық конкурсқа Астана қаласынан 8 оқушы қатысып, 6 оқушы жеңімпаз атанды: I орын-4, II орын-2.

Педагогикалық шеберлік бөлімінің жұмыс есебі

2023 жылдың 7 қазан күні Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі базасында «Қазақстандағы мектепке дейінгі және орта білім беруді жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдері: заманауи трендтер мен іске асыру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарына елордалық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының 200 астам педагогі қатысты.

2023 жылдың 8 қазан күні №59 мектеп-лицейінде Астана қаласының Білім басқармасы, «Дарын» РҒПО, «Астана дарыны» орталығы және Қазақстан Математика пәні мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған V шығармашылық байқау өтті. Байқауға 150-ден астам мұғалім, оның ішінде елорданың білім беру ұйымдарынан математика және физика пәндерінің 121 мұғалімі қатысты.

2023 жылдың 13 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназиясында елордалық білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Қалалық кезеңге іріктеуден өткен 160 педагог қатысты. Қаралған жұмыстар саны – 160. Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:І орын-13,ІІ орын-20,ІІІ орын-37, грамота-35.

2023 жылдың 31 қазанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес республикалық «Үздік жыл психологі» конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Қалалық кезеңге білім беру ұйымдарының сараптамадан өткен 28 педагог-психолог қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: І орын-13,ІІ орын-20,ІІІ орын-37, грамота-35.