«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 23 ақпанында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының қорытынды кезеңін өткізді.
Мақсаты: мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және озық инновациялық тәжірибелерін таратуға ықпал ету.
Байқауға сараптамадан өткен 34 елордалық мектептен 59 бастауыш сынып педагогтері қатысты.
Байқауға қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеттік оқу қазақ мектептерінде, қазақ тілі мен әдебиеттік оқу орыс мектептерінде, орыс тілі мен әдебиеттік оқу қазақ мектептерінде, орыс тілі мен әдебиеттік оқу орыс мектептерінде, ағылшын тілі, дүниетану-жаратылыстану және математика бағыттары бойынша панорамалық шебер сынып идеяларымен бөлісіп, нәтижесінде төмендегідей жетістікке қол жеткізді.
I орын – 6
II орын – 13
III орын – 11
Грамота – 13
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!