Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеу қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 15 қаңтар мен 21 ақпан күндері аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеуге 5-6 жас ерекшелігіне қарай «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша тіркеу жүргізіліп, Ережеге сәйкес номинациялар бойынша барлығы 140 бейнематериал қабылданды.
Қазақ ұлттық хореография академиясының Режиссура кафедрасының доценті, мемлекеттік концерттік шаралардың музыкалық продюссер-вокал педагогі, орталықтың медиа сүйемелдеу бөлімінен композитор –вокалист өнер тұлғаларынан құралған қазылар алқасының қалалық байқауға іріктеу отырысы 2024 жылдың 23 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында өтті.
«Вокалдық топ» номинациясында 49 вокалдық топтың бейнематериалы қаралып,
20 топ (тәрбиеленуші саны -135);
«Вокал» номинациясында 25 өнерпаздың бейнематериалы қаралып, 21 вокалист;
«Хореография» номинациясында 57 би тобының бейнематериалы қаралып,31 би тобы (тәрбиеленуші саны-272); «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациясында 9 оркестр/ансамбльдің бейнематериалы қаралып, 7 аспапта ойнау тобы (тәрбиеленуші саны-89 ) қазылар алқасының шешімімен қалалық байқауға жолдама алды.
«Елорданың еркетайы» қалалық байқауына өткен 70 мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшаның 517 тәрбиеленушісі 2024 жылдың 5 наурыз күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының сахнасында бақ сынайды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз !