«Математиқалық регата» олимпиадасы

2023 жылдың 23 ақпан  күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы  №9 «Зерде» мамандандырылған лицей базасында  «Математиқалық регата» олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетудегі ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға 65 астаналық білім беру мекемесінен 84 математика пәні мұғалімдері қатысты.

Олимпиаданың нәтижесінде  қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

I орын  – 6;

II  орын – 8;

III орын – 12;

Мадақтама – 11.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады. 

             Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!