Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәнінен «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қорытындысы

2024 жылдың 22-23 ақпан күндері Астана қаласындағы Кәсіптік-техникалық колледжде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәнінен «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасын өткізді.

Мақсаты – педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту.

Іс-шараға олимпиаданың қалалық кезеңінен өткен елордалық 8 педагог қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша елордалық қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:

I орын – 1, II – 5,  III – 1, грамота – 1.

Педагогтер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдары және грамотасымен марапатталды.

Командалық есеп бойынша Астана қаласының қатысушылары I орынды иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!