«Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» республикалық семинары

2024 жылдың 4-5 қаңтар күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» республикалық семинары өтті.
Семинарға елордалық 5 білім беру ұйымынан 7 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.
Қатысушыларға «Дарын» РҒПО сертификаттары табысталды.