Жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III (қалалық) кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 4-5 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III (қалалық) кезеңін өткізеді. Қалалық кезеңге олимпиаданың II (аудандық) кезеңінде ең жоғары ұпай жинаған 1797 – ге жуық 9-11 сынып оқушылары және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады.

Өтетін орны: Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті (3 ЦС-корпус, Қажымұқан көшесі, 13) – химия пәні (9, 10, 11 сыныптар);

Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі  (Шафик Чокин көшесі, №5)-жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер (9, 10, 11 сыныптар);  

А. Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі (А. Байтұрсынұлы, көшесі, 49А)- қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер (9, 10, 11 сыныптар).

Басталу уақыты: 10:00

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!