«Robotek Grand Tournament» чемпионаты өтті

2023 жылғы 23-24 желтоқсан күндері Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінің базасында «Robotek Grand Tournament» роботтар чемпионаты өтті.

Чемпионаттың мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Роботтар сайысының бірінші күні 33 команда,  екінші күні 38  команда  қатысты.

Чемпионаттың бірінші күні командалар 3 санат бойынша сайысты. Нәтижесінде төмендегі жеңімпаздар анықталды:

«Мерген» санаты бойынша:

І орын – Ілесов Асанәлі, Ерболатұлы Мирасбек (Ulttyq Business & Engineering School);

ІІ орын – Нұрхан Аяжан, Сахабадин Ален (Milestone);

ІІІ орын – Малова Злата, Тюлеген Зара  (Smart technological school).

«Инверсттік сызық бойымен жарыс» санаты бойынша:

І орын – Қайратұлы Дарын, Шалабаев Тимур (Milestone);

ІІ орын – Байсеитов Даурен, Ағлеш Ерқанат («Робототек» робототехника мектебі);

ІІІ орын – Батырбек Асадулла  (Alpamys School).

«Жеткізуші робот» санаты бойынша:

І орын – Листопадный Глеб, Петров Иван(«Робототек» робтотехника мектебі);

ІІ орын – Чен Иль Сон, Жаксаликов Дамир («Robospace» робототехника мектебі);

ІІІ орын – Зайнуллаев Файруз, Мереке Ахмет (Milestone);

Екініші күннің қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жеңімпаз атанды:

«Мерген» санаты бойынша:

І орын – Жумабек Ниязбек, Айсұлтан Едіге (Skillset);

ІІ орын – Муса Чингиз, Зәпір Омар (Milestone);

ІІІ орын – Шахмұрат, Сапаргелді Ғизат  (А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі).

«Сұрыптаушы робот» санаты бойынша:

І орын – Ержанов Владислав, Сафонов Валерий (№22 мектеп-гимназиясы);

«Туды жеткізу» санаты бойынша

І орын – Адайұлы Азамат (№8 мектеп-лицейі);

ІІ орын – Рахымжан Алишер, Бахатбекұлы Жалғасбек (№8 мектеп-лицейі);

ІІІ орын – Ержуманов Арсен, Касымханов Карим (Экономикалық лицей).

«Роботек» санаты бойынша

І орын – Коновалов Сергей, Есбаганбеьов Данис (Экономикалық лицей);

ІІ орын – Штефанов Герман («Робототек» робототехника мектебі);

ІІІ орын – Лихачевский Велизар, Темиров Жангир (№22 мектеп-гимназиясы).

Жас робототехниктерді жүлделерімен құттықтаймыз!