Республикалық ғылыми жобалар конкурсы II (қалалық) кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі

2023 жылы 26 желтоқсанда №8 мектеп-лицейінде дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін Республикалық ғылыми жобалар конкурсы II (қалалық) кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Конкурстың қалалық кезеңіне 4 бағыт, 20 секция бойынша 689 оқушы қатысып, оның 388- і жеңімпаз атанды. Бүгінгі салтанатты марапаттау рәсіміне «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының директоры Тұрсынов Гаждембек Қуанышұлы, осы орталықтың әдіскері Қыдырманов Болат Сапабекұлы және әділқазы алқасының мүшелері — елорда университеттерінің ғалымдары қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, оларға Астана қаласы Білім басқармасы басшысының I, II, III дәрежелі дипломдары мен медальдарын табыстады.
Барлық жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!