2023 жылдың 23 желтоқсан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясымен бірлесіп ақын, Алаш ұлт‑азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Түркістан (Қоқан) автономиясының алғашқы сыртқы істер министрі, кейін осы үкіметтің төрағасы, бүкіл түркі халықтары азаттық қозғалысының көсемі Мұстафа Шоқайға арналған «Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты – түркі халықтары азаттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, оның аса мағыналы өмірі, сан салалы саяси қызметі мен шығармашылық мол мұрасы негізінде өскелең ұрпақты ұлттық рух пен отансүйгіштікке, қоғамдық белсенділік пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Конференция екі бағытта жүреді: пленарлық отырыс және секция жұмысы
Секция бағыттары:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мен Орта Азиядағы саяси‑әлеуметтік жағдай;
2. Мұстафа Шоқайдың саяси қайраткер ретінде қалыптасуы;
3. Мұстафа Шоқай саяси қызметінің алғашқы шыңы – Түркістан Мұқтарияты;
4. Мұстафа Шоқай эмиграцияда; Кеңестік шындықтың қайсар сыншысы;
5. Мұстафа Шоқайдың тәуелсіз ұлттық мемлекет туралы идеялары.
Конференцияның секцияларында алдын ала іріктеуден өткен жұмыстар тыңдалады. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жұмыстар «Астана дарыны» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары, грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы (Аманат 5).
Тіркеу уақыты: 09.00 – 09.30.
Басталуы: 09.30.