Жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылдың 19 желтоқсан күні жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша II аудандық кезеңін өткізеді.

Өтетін орны: Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі  (Шафик Чокин көшесі,5) – математика, физика пәндері (9, 10, 11 сыныптар),  информатика-11 сынып;

А. Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі (А. Байтұрсынұлы, 49А) –  биология, химия пәндері (9, 10, 11 сыныптар), информатика-10 сынып;

Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі (Әл-Фараби даңғылы, 9/5) – география пәні (9, 10, 11 сыныптар), информатика-9 сынып.

Басталу уақыты: 10:00

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!