«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылы 7 желтоқсанда жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңін өткізетінін хабарлайды (әрі қарай -Конкурс).
Конкурс 4 бағыт бойынша өтеді:
І. «Ғылыми –техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» (секциялары: физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым);
ІІ. «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» (секциялары: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика);
ІІІ. «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» (секциялары: химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы);
IV. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» (секциялары: тарих, адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, әдебиет).
РЕГЛАМЕНТ:
Оқушы жұмысын қорғау және видео материалдарын көрсету – 5 минут;
Сұраққа жауап беру – 2 минут;
Топтық жұмысты қорғау және видео материалдарын көрсету – 7 минут;
Сұраққа жауап беру – 2 минут.
Қатысушылардың слайд презентациялары 6 желтоқсан күні сағат 14.00.-16.00. дейін №84 мектеп-лицейіне тапсырылуы қажет.
Қорғауға ұсынылатын материалдардың уақытында тапсырылуына мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары жауапты.
Қатысушылар өздерімен бірге видеоға және фотоға түсіруге ата-аналарының рұқсат қағазын және екінші аяқ киімдерін алып келуі қажет.
Өтетін орны: Шейха Халифа Бен Заид Әл-Нахаян атындағы № 84 мектеп-лицейі.
Мекенжайы: Астана қаласы, Ұлы Дала көшесі, 41/1.
Тіркеу алдын ала жіберілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Басталуы: әр оқушының жұмысты қорғау уақытына сәйкес.