5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

          «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы білім беретін пəндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңін 05-06 желтоқсанда №95 мектеп-лицей (Ұлы Дала 73/1), №80 мектеп-гимназия (Ш. Косшыгулулы 17/2) базасында өткізеді.  

Олимпиаданың аудандық кезеңін өткізу уақыты:

5-сыныптар – 05 желтоқсан, сағат 10:00;

6-сыныптар – 06 желтоқсан, сағат 10:00.

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі жалпы білім беретін 8 пән бойынша өткізіледі: Қазақстан тарихы, математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі.