2023 жылдың 30 қараша күні Harmony School мектебінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) «Ustem Robotiсs» қорымен бірлесіп, Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» және «FIRST Robotics» роботехника жөніндегі ғылыми жобалардың республикалық конкурсы аясында «Қазақстандағы Код сағаты» семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – информатика пәні мұғалімдеріне 2023 жылдың 4-10 желтоқсан күндері аралығында Астана қаласының білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары үшін өтетін тақырыптық сабаққа қатысты «Код сағаты» негіздері мен әдістемелерін түсіндіру.
Іс-шараға елорданың білім беру ұйымдарынан информатика пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында Hour of code іс-шарасының Астана қаласы бойынша үйлестірушісі Рахимжанова Джамиля сабақтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті әдістемелік ұсыныстармен бөлісті.
Қатысушылар «Код сағаты» негіздерімен және оны оқу процесіне сәтті енгізуге көмектесетін әдістермен танысты.