3-4 сынып оқушыларына арналған  республикалық  «АЛТЫН САҚА»  олимпиадасы  аудандық  кезеңінің қорытындысы

3-4 сынып оқушыларына арналған  республикалық  «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының аудандық кезеңі қаламыздың бес ауданы бойынша іріктеліп, 2023 жылы 25 қарашада  төмендегі мектептерде офлайн форматта өтті: №85 мектеп-гимназиясы – Есіл, Нұра аудандары; №53 мектеп-лицейі- Алматы, Байқоңыр  аудандары; №56 мектеп-лицейі- Сарыарқа,Байқоңыр аудандары. 

Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп  аудандықкезеңге  қатысқан 836 оқушыдан  210 оқушы (3-сынып-101 оқушы; 4- сынып-109 оқушы) қалалық кезеңге  өтті.

І орын-77 ;

ІІ орын-133 ;

ІІІ орын-130 ;

Грамота-102 .

Қалалық кезеңге І- ІІ орын алған оқушылар қатысады.