Арнайы мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауына іріктеу турының қорытындысы     

              «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында 2023 жылдың 29 қараша күні арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауына іріктеу бойынша қазылар алқасының жұмысы ұйымдастырылды.           

             Қазылар алқасының отырысында Астана қаласы әкімдігінің №1,№2,№3 арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балалар арасынан вокал, хореография, мәнерлеп оқу номинациялары бойынша Ережеге  сәйкес жас ерекшелігіне қарай 40 өнер шығармасының (81 өнерпаз) бейнематериалы қаралды.

     «Вокал» номинациясы 6-10 жас арасында  4 өнерпаздың  бейнематериалы қаралып,

 3 вокалист (№№1,2,3 арнайы мектептері); 

     «Вокал» номинациясы 11-17 жас арасында  9 өнерпаздың  бейнематериалы қаралып,

 3  вокалист (№№1,2,3 арнайы мектептері);   

«Хореография» номинациясы 6-10 жас арасында  4 би тобының  бейнематериалы қаралып, 3  би тобы  (№1 арнайы мектептен 2 қатысушы, №2 арнайы мектептен 1 қатысушы); 

«Хореография» номинациясы 11-17 жас арасында  5 би тобының  бейнематериалы қаралып, 3  би тобы (№1 арнайы мектептен 1 қатысушы, №2 арнайы мектептен 2 қатысушы); 

      Мәнерлеп оқудан 6-10 жас арасында  5 қатысушының бейнематериалы қаралып,

 3  қатысушы (№1 арнайы мектептен 3 қатысушы);     

Мәнерлеп оқудан 11-17 жас арасында  13 қатысушының бейнематериалы қаралып,

 5  қатысушы (№1 арнайы мектептен 4 қатысушы, №2 арнайы мектептен 1 қатысушы), барлығы 20 өнер шығармасы (қатысушы саны-49) қазылар алқасының шешіміменқалалық байқауға жолдама алды.

     «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауында бейнематериал бойынша іріктеуден өткен финалистер және робототехникадан өтінімге тіркелген командалар 2023 жылдың 13 желтоқсан күні  №1Арнайы мектеп-интернаты сахнасында бақ сынайды.