Ертең елордалық дарындар Ақтау қаласына аттанады

Елордалық дарындар 2023 жылдың 24-26 қараша күндері Ақтау қаласында өтетін X «Ақберен» республикалық өнер байқауына (бұдан әрі – Байқау) қатысады.
Ақтау қаласындағы Достық үйінің базасында өтетін байқаудың қорытынды кезеңінде № 8 мектеп – лицейінің 11 сынып оқушысы Тайлақ Зарина, № 64 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Аманбай Айзере, № 61 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Қасенова Гүлмайра, №86 мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушысы Джапенова Меруерт, № 83 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Әсет Берік және № 87 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Мақсұтханова Айғаным өнер көрсетеді.
Жас дарындардың бойындағы ақындық қабілетті шыңдау, тіл мен әдебиетті жете меңгеруіне, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсінуге баулу мақсатындағы шара шешендік, білгірлік сайысы, көркемсөз оқу, эссе жазу. ұлттық аспапта өнер көрсету, ақындар айтысы және мүшәйрасы номинациялары бойынша өтеді.
Үміткерлерге сәттілік тілейміз!