«Елорда дарындары» Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы Байкеннің халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстары жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесуі

       Дарынды балаларды қолдау және ынталандыру мақсатында 2023 жылы 22 қарашада әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында қала әкімі орынбасарының елорданың дарынды оқушылары – халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен салтанатты кездесуі өтті.

       Оқу жылының қорытындысы бойынша түрлі деңгейдегі беделді олимпиадалар мен байқауларда республика ғана емес, шет елдерде де бас қаламызды әлемге танытып, мәртебесін асырған жас дарындарды   марапаттау игі дәстүрге айналды.

       Кездесуге республикалық және халықаралық олимпиадалардың                 71 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты.

       Өз сөзінде Есет Берікұлы жас дарындарды жоғары жетістіктерімен құттықтады. Олардың таланты мен қабілеті қоғамымызда үлкен сұранысқа ие болатынына сенім білдіріп, оқушыларға өз елінің патриоты болып қалуды тіледі. Сонымен қатар балалардың талантын ұштап, табандылықпен еңбек етуге тәрбиелеп отырған ата-аналары мен ұстаздарына зор алғыс айтты.  

       Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы Байкен оқушыларды қала әкімінің атынан алғыс хаттар және ақшалай сертификаттармен марапаттады.

       Оқушылар атынан №9 «ЗЕРДЕ» мамандандырылған лицейінің                   11-сынып оқушысы, «Жер және ғарыш туралы» ғылым бағытында республикалық ғылыми жобалар конкурсының алтын медаль иегері Тайсағат Бексұлтан сөз сөйледі.