«Елорда дарындары» Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы Байкеннің халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесуінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін күні: 22 қараша, 2023 жыл. сағат 12:00

Өткізілетін орны: әл-Фараби ат.Оқушылар сарайы  

Ұйымдастырушылар: Білім басқармасы, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы

Марапатталатын оқушылар саны: 117 халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Кездесуге қатысатын оқушылар саны: 71 оқушы (46адам мектеп бітіріп кеткен).

Астана төрінде қала әкімі мен дарынды балалардың кездесуін ұйымдастыру  дәстүрлі үрдіске айналған.

Іс-шараның мақсаты – елордалық дарынды жастарды қолдау және насихаттау, интеллектуалдық дамыту іс-шараларына қатысу мотивациясын қалыптастыру үшін жағдай жасау, көшбасшылық, дарындылық, шығармашылық және патриотизмнің табысты үлгілерін насихаттау.

 Айтулы іс-шараға 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаз – жүлдегерлері қатысады.

Бұл кездесу – халықаралық, республикалық зияткерлік жарыстарда өз білімін таныта білген жас дарындар еңбегінің жемісі.

Жыл сайын елордалық оқушылар командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарда командалық бірінші орынды иеленіп, «Үздік команда» атанып келеді.

          Кездесу барысында оқушыларды Астана қаласы әкімінің атынан алғыс хаттар және ақшалай сертификаттармен марапаттау рәсімі өтеді.

Қосымша ақпаратты алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады: Қабанбай батыр даңғылы 33, Нұра ауданы әкімдігінің аппараты, «Астана дарыны» орталығы, e-mail: astanadaryn@mail.ru.