Қалалық Сәкен оқулары

2023 жылдың 24 қарашасы күні «Астана дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды   анықтау және қолдау орталығы  С. Сейфуллин  атындағы  №80 мектеп-гимназиясымен  бірлесіп ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық Сәкен оқуларын (бұдан әрі – Оқулар) өткізеді.

Мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын насихаттау және мектеп оқушылары арасында классикалық әдебиетті дәріптеу.

Оқулардың міндеттері – жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілететтерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау.

  Оқулар  ережеге  сәйкес   төрт номинациядан тұрады:

– «Сәкен-жыр сұңқары»;

– «Сыр сандықты басып қара»;

– «Болмасаң да ұқсап бақ»;

– «Арқаның асау тұлпары».

Өтетін орны: Астана қаласы, С. Сейфуллин  атындағы  №80 мектеп -гимназиясы (Ш. Қосшығұлұлы көшесі 17/2).

Тіркеу: сағ. 8:00-8:30;

Салтанатты ашылуы: 8:30-9:00;

          Басталуы: сағ. 09:00.