Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауы

          Бүгін, қараша айының 17-сі күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі мектепалды топтары арасында «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауы салтанатты түрде өтіп жатыр.

          Байқаудың іріктеу кезеңінен өткен 56 жас өнерпаз төрт номинация: вокал (жеке және топтық), хореография, балалар музыкалық аспаптарында ойнау бойынша сайысқа түсуде.

          Кішкентай өнер иелеріне сәттілік тілейміз!💐💐