«Шаңырақ» республикалық байқауының І қалалық кезеңі

2023 жылдың 15 қарашасы күні меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектеп жасына дейінгі барлық этнос балалары және олардың отбасыларының қатысуымен «Шаңырақ» республикалық байқауының І қалалық кезеңіндегі қазылар алқасының іріктеу жұмысы
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында ұйымдастырылды.
«Шаңырақ» байқауына 17 балабақшадан 22 бүлдіршін қатысты.Нәтижесінде:
І орын – 1; ІІ орын – 4; ІІІ орын – 7; грамота – 3.
І орын алған №47 «Ақ желкен» балабақшасының тәрбиеленушісі байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері атанған бүлдіршіндерді құттықтаймыз!