Республикалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өтеді

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023  жылғы 18 қарашада 2-4 сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңін өткізетінін хабарлайды (әрі қарай -Конкурс).

Конкурстың мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру.

РЕГЛАМЕНТ:

  • Оқушы жұмысын қорғау және видео материалдарын көрсету – 5 минут;
  • Сұраққа жауап беру – 2 минут;
  • Топтық жұмысқақорғау және видео материалдарын көрсету – 7 минут;
  • Сұраққа жауап беру – 2 минут.

Қатысушылардың слайд презентациялары 17 қараша күнгі сағат                        14.00.-16.00. дейін  №87 мектеп-гимназиясына тапсырылуы қажет.  

Қорғауға ұсынылатын материалдардың уақытында тапсырылуына мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары жауапты.

Қатысушылар өздерімен бірге видеоға және фотоға түсіруге ата-аналарының рұқсат қағазын және екінші аяқ киімдерін  алып келуі қажет.

Өтетін орны: Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп – гиназиясы. 

Мекенжайы: Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 37.

Тіркеу:  сағат 8.00.- 8.45.

Басталуы:  сағат 9.00.