ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРЫ

2023 жылдың 9 қараша күні ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапхана- сында «Қазақстанның дарынды балалары» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Кітапқа 100ге жуық бойында ерекше қабілеттер бар талантты балалар енген, оның ішінде дені Астана қаласы мектептерінің оқушылары. Жас болса да әлемді өзгертуге дайын кішкентай қаһармандар жайлы жазылған кітап «BG-PRINT» баспасынан шыққан.
Іс-шара барысында кітап кейіпкерлері өз өнерлерін ортаға салды: өзі полиглот, қобыз бен домбыра аспаптарын меңгерген №60 мектеп-лицейінің оқушысы Анель Рахметулдинова домбырада «Адай» күйін шебер орындаса, көркем сөз оқу шебері №20 орта мектеп оқушысы Айсұлу Шәріполла Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып берді. Химия пәні бойынша олимпиадалардың жеңімпазы – жас химик, баскетболшы Нұрай Хабдулаев өз сөзінде жетістікке жетудің бірден бір жолы табандылық екенін атап өтті.