Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының  І аудандық кезеңі

2023 жылдың 10 қараша күні   «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы»  лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының  І аудандық кезеңін өткізеді. Дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету мақсатында өтетін олимпиадаға жалпы білім беру мекемелерінің 8-11(12) сынып оқушылары қатысады.

Өтетін орны: №6 гимназия (М.Әуезов к-сі 31)

Басталуы: сағат 10:00.