Астаналық жас астрономдар ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадада

2 алтын, 1 күміс  және 1 қола жүлдені иеленіп, «Үздік команда» атағын жеңіп алды.

2023 жылғы 5-8 қараша аралығында Ақтөбе қаласында өткен оқушылардың «Ғалам сенің қолында» ІІ Республикалық астрономиялық олимпиададағы 3 алтынның 2-ін елордалық жас астрономдар иеленді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 16 команда білімдерін сынаған сайыста Астана қаласынан №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің 9-10 сынып оқушылары қатысып, үздік нәтиже көрсетті.

Олимпиаданың алтын жүлдесін №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы  Түктібай Ермұхамед пен 10 сынып оқушысы Берден Нурсултан иеленсе, күміс жүлдеге 9 сынып оқушысы Тұрсынбек Нұрбақыт, қола жүлдеге 9 сынып оқушысы Абдуғаппар Рамазан лайық деп танылды. Жалпы командалық есепте 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен «Үздік команда» атағын жеңіп алды.

Қазақстанның «Үздік командасын» жеңісімен құттықтаймыз!