«Ғалам сенің қолында» оқушылардың ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасы

2023 жылдың 5-8 қараша аралығында Ақтөбе қаласында «Ғалам сенің қолында» оқушылардың ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасы өтеді.

Олимпиаданың мақсаты оқушылардың астрономия және ғарыштық зерттеулермен байланысты ғылым салаларына деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау, астрономиялық үйірмелердің жұмысын жандандыру.

Астана қаласының атынан №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің 9-10 сынып оқушылары Түктібай Ермұхамед, Абдуғаппар Рамазан, Тұрсынбек Нұрбақыт, Берден Нурсултанқатысуда.

Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.